Елімізде мың жарымнан астам ауылға су тартылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мың жарымнан астам ауылға су тартылмаған

04.05.2022

Өңір әкімдіктері сумен жабдықтаудың кешенді жоспарын қайта қарап, апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөндеуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді. Өйткені мың жарымнан астам ауыл жұрты әлі күнге дейін сапалы суға жарымай отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша әсіресе Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сумен қамту көрсеткіші төмен. 74-83 пайыз шамасында. Ал қалалық жерді сумен жабдықтау жағынан Жамбыл облысы көш соңында. Бұған су құбырын тарту ісінің созбалаңға салынуы себеп. Осындай 10 жобаның 7-еуі пайдалануға берілген. Қалған үшеуі биыл іске асуы тиіс. Жалпы 2025 жылға дейін ел азаматтарын 100 пайыз тіршілік көзімен қамту көзделіп отыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Осы жылы бұл мақсаттарға нақтылауды ескере отырып, республикалық бюджеттен 215 млрд теңге көзделген, оның ішінде қалаларда – 120 млрд теңге және ауылдық елді-мекендерде 95 млрд теңге. Бұл жыл қорытындысы бойынша қала халқының 98,5 пайызын, ал ауыл халқының 94,7 пайызын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу