Алматы тауларындағы өрт қауіпсіздігін енді дрондар бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларындағы өрт қауіпсіздігін енді дрондар бақылайды

27.04.2022

Алматы тауларындағы өрт қауіпсіздігін енді дрондар бақылайды. Төтенше жағдай мамандары ауа райының жылынуына байланысты қалада өрт қаупі артқанын айтады. Көктем мезгілі басталғалы Алатау, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандарында жалпы аумағы 2,5 гектар жерде құрғақ шөптердің өртену дерегі тіркелген. Бұған тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы себеп болып жатады екен. Осыны болдырмау мақсатында таулы аймақтар мен жазық далада арнайы дрондар іске қосылмақ. Олардың көмегімен тұрғындарға ескерту жасап, өрт қауіпі бар аймақтарда бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ құрылғы азғантай ғана уақыт ішінде апат орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құтқарушылардың жұмысын жеңілдетуге сеп болады. Сондай-ақ дрондарға орнатылған камералар арқылы қар астында қалған адамдардың дене температурасына қарап тауып алуға болады.

Нұрбол Айтбаев, қалалық ТЖД бөлім басшысы:

Тауда шатқалдар болғандықтан түтіннің қай жақтан шығып жатқанын көре алмаймыз. Ал, бұл дрон арқылы біз биіктікке көтеріліп, өрттің қай жерден шығып жатқанын немесе адамдардың ереже бұзып жатқанын көре аламыз. Және сол орынға біз отряд жіберіп, тексере аламыз.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу