Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалады
Таксопарктер әрбір 10-шы көлікті мүгедек жандар үшін бейімдеуі тиіс. Жарымжан адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасында осындай норма қарастырылып отыр. Құжатта тағдыр жазуымен тауқыметке тап болған адамдарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуді жақсарту тетіктері нақты жазылған. Бүгін Мәжілісте талқыланған тақырыпты толығырақ тікелей эфирге қосылған тілшіміз Берік Көшербай тарқатады.
Берік Көшербай, тілші:
Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған Заң жобасы бойынша 11 кодекс және 64 заңға өзгеріс енгізу көзделген. Біріншіден, дискриминацияға жол бермеу мақсатында «мүгедек», «мүгедек бала» деген сөздер «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар бала» деген сөздермен ауыстырылады. Екіншіден, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында «абилитация» деген түсінік енгізілді. Жарымжан жандардың жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында инвотакси санын көбейтіп, оларды тасымалдауға бейімделген автобустарды алу жоспарланып отыр.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әрбір 10 таксиге мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс деген түзетулер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес таксопарктер әрбір 30-шы такси көлігіне мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс, яғни аталған норма мүгедектігі бар адамдарға тиімді жағдай жасауға бағытталған.
Берік Көшербай, тілші:
Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мың адам тұрады. Олардың жыл сайын медициналық комиссиядан өтіп, өзгермейтін диагнозын қайта дәлелдеу мәселесі жиі көтерілетін. Сондықтан, былтыр 12 түрлі нозологиялық ауру түрлерінен «мүгедектікті сырттай анықтау пилоттық жобасы» басталған. Енді осы шаруаны заңды түрде бекіту көзделіп отыр. Сондай-ақ, мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін ата-ананың біреуіне қаржылай көмек көрсетілмек. Яғни, оның тамақтану, жатын орнына кететін шығындары өтеледі.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13