Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті

25.04.2022

Үкіметтік емес ұйыдар мен БАҚ заңнамасы жетілдіріледі. Сондай-ақ волонтерлік фронт-кеңселер ашылады. Алматы облысы Талғар ауданының жұршылығымен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров осылай деді. Жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар министрге жергілікті басылымдарды дамыту, көпбалалы аналарға және кәсіп бастағысы келетін жастарға мемлекеттік көмекті күшейту жайлы сауалдарын жолдады.

46 ауылды түйістірген Талғар ауданының тұрғындары министрге сан алуан сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін де жеткізді. Жиынға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Басқосуда Асқар Омаров минстрліктің атқарып жатқан маңызды жұмыстары мен алға қойған міндеттерін баяндады.

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Министрлік азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру, волонтерлік қызмет сынды бағыттардағы заңнаманы жетілдіруді көздейді. Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Жиын барысында жастардың кәсіп ашуына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері, волонтерлік фронт офистердің ашылуы және гранттық қаржыландырулар жайлы айтылды. Сондай-ақ жергілікті басылымдарды дамыту және ақпарат саласына қатысты заңнамаға енетін өзгерістер талқыланды.

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Заң қандай болады, заңның ішінде не болады бәріміз отырып шешеміз. Бірақ, төрт бағыты айқын. Біріншісі - бәсекелестік, екіншісі - сөз бостандығы, үшінші - заманға сай болу керек, төртіншісі - жауапкершілік.

Жалпы кездесуден кейін министр Асқар Омаров азаматтарды жеке қабылдады. Талғардың әр тұрғынының мәселесі жіті қаралатынын жеткізді.

Нұрсұлтан Тілектесов 

Хабарламаларға жазылу