Түркістан облысында 6 ауылды су басты
Түркістан облысында табиғаттың тосын мінезінен тұрғындар түні бойы әбігерге түсті. Нөсер жауыннан Қазығұрт ауданындағы алты бірдей ауыл судың астында қалса, Сарыағашта бұршақ жауып, егістік пен бақшаны баудай түсірді. Аймақтағы ахуалды тікелей байланысқа шыққалы тұрған тішіміз Ғани Қалмахановтан естіп білсек.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Нөсер кезінде сай салаға жиылған су ымырт түсе ауылдарға лап қойған. Сарқырай аққан тасқын Шанақ ауылындағы жекеменшік моншаны бұзып өткен. Оның ішіндегі адамдарды жұрт дер кезінде құтқарып үлгеріпті. Одан бөлек Сарапхана, Қызылқия, Қақпақ, Қарабау және Жіңішке ауылдарындағы тұрғын үйлердің көпшілігінің ауласына дейін су кірген. Тасқынның екпіндете келгені соншалық Сарапхана ауылындағы тойханаға жиылғандар сыртқа шығып үлгермеген. Телефонға түсірілген видеолардан той қонақтарының жан сауғалап, дастархан үстіне шығып кеткенін байқауға болады. Шамасы келгені бір-бірін арқалап, апаттан жаяулатып қашқан. Ауыл тұрғындарының айтуынша 300-ге жуық қой-ешкі суға тұншығып өлген.
Ғани, нөсер соншалықты қатты жауға ба?
Ғани Қалмаханов, тілші:
Кеше кешқұрым Сарыағаш пен Келесте аспанда найзағай ойнап, соңы нөсер-жауынға ұласты. Жаңбырдың құйып жауғаны соншалық айнала ақтүтек боп, 4-5 метр жерден арғысы көрінбей қалған. Қазір апат болған жерлерде арнайы техникалардың көмегімен жиналған суды сорып, ағызып жіберіп жатыр. Жауын басылды. Күн шайдай ашық. Бүгін таңертеңнен шығынды есептеу жұмыстары басталмақ.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22