Басты Жаңалықтар Шымкентте бойжеткен бұзақылардан қорғанамын деп айыпты болды

Шымкентте бойжеткен бұзақылардан қорғанамын деп айыпты болды

Шымкентте авткокөлігін базар маңындағы автотұраққа қойған бойжеткен сондағы күзетшілерден балағат сөздер естіп, ақыр соңы отбасымен соққыға жығылды. Алайда жәбір көрген азаматтарды сот пен прокуратура бір жылдан бері сергелдеңге салумен келеді.

Оқиға осыдан бір жыл бұрын болған. Ағайынды Аян мен Саян ол маңға автокөлігін қойғаны үшін «Алаш» базарының қызметшілерінен балағат сөз естіп жатқан қарындастарына араша түсуге келген. Алайда оншақты жігіт жабылып, екеуін де ұрып тастады.

Саян Мамыров, Шымкент қаласының тұрғыны:

Әпкеме қатты сөлеп жатыр, ағамның бет тұсын ұрып жатыр. Сондықтан ажырату мақсатында кіріп, ажыраттым. Алайда ажыратып жүріп менің жағымнан ұрып, сындыры жіберді.

Осы іс бойынша іс қараған Абай аудандық соты базар қызметшілерінің әрекетін бұзақылық деп бағалады. Соған сәйкес жаза кесті. Алайда заңсыздықтың бәрі осыдан кейін басталды. Айыпты жақ арада бірнеше ай өткеннен кейін Мамыровтардың үстінен арыз берді. Бұл жолы базар қызметкерлері өздерін жәбірленушіміз деп көрсетеді. Және оны Абай аудандық соты биылғы жылдың 4 қаңтары яғни мереке күні тіркеуге алады.

Аян Мамыров, Шамыкент қаласының тұрғыны:

Қылмыстық іс маған таныстырылған жоқ, қашып жүр деп құжаттарды жалған жасаған. Қателіктерге прокуратура мән бермеген. Мені жәбірленуші, оларды бұзақы екенін көрсетіп айыптау актісін шығарса да толық қарамай қарсы айыптау актісіне қол қойып берген.

Ең сорақысы екінші арызды да бұған дейін осы іске төрелік еткен Абай аудандық сотының судьясы Эльмира Қалымбетова қабылдап алған. Заң бойынша судья бір істі екі рет қарай алмайды, дейді мамандар. Судья арада үш ай өткеннен кейін ғана бұл істі қараудан өзі бас тартқан.

Нұрсейіт Сапарбеков, Түркістан облысы Адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты:

Заң нормалары өрескел бұзылған. Осы бап, осы тараптар, осы адамдар бойынша іс қаралып өтті. Сол себепті бұл іс қаралуға жатпайды. Яғни бұл кісілер қорғанды. Осы заңдарды қолдана отырып, бұл іс қысқартуға жатады деп санаймыз.

Ағайынды Аян да, Саян да жоғары білімді заңгер. Соған қарамастан шымкенттік құқық қорғаушылар қос азаматтың заңды дәлелдерін құлаққа ілетін емес. Шымкент қалалық соты да бұл іске байланысты түсінік беруден бас тарты. Олардың сыңаржақ әрекетінен «Болашақ» бағдарамасымен шетелде білім алып жүрегн Аян Мамыров әлі күнге оқуын жалғастарыра алмай келеді.

Ғани Қалмаханов


Бөлісу