Шығыстағы сауда орындарында жарамдылық мерзімі өткен тауарлар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы сауда орындарында жарамдылық мерзімі өткен тауарлар анықталды

21.04.2022

Шығыстағы сауда орындарында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатылып жатыр. Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тек соңғы үш айда, 15 дерек тіркеген. Ал былтыр азық-түлік сапасына қатысты 16 жағдай ғана анықталған. Өндіруші тауардың дайындалған күні мен жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсетуі тиіс. Алайда рейдтік мониторинг барысында, жекелеген дүкендерде кейбір азық-түлік түрлерінде ол мүлде көрсетілмеген. Шұжық, құс етінен жасалған тағамдар мен консервіленген балық, май, кондитер және алкогольсіз сусындар, ұн жарма сияқты өнімдердің жарамдылығы тез өтеді. Бірақ оған қарамастан, осы тауарлар сауда сөресіне жиі түседі.

Бағлан Тауанова, облыстық Санитарлық эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

Бірінші тоқсандағы мониторинг қорытындысы бойынша жарамдылық мерзімі өткен 72 кг-нан аса қауіпті тауар сауда сөрелерінен алынып тасталды. Ал тұтынушыдан зардап шеккен туралы арыз-шағым түскен жағдайда, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Хабарламаларға жазылу