Басты Жаңалықтар Түркістан облысында «QazagGaz» ұлттық компаниясының арқасында 22 елді мекен табиғи газ желісіне қосылды

Түркістан облысында «QazagGaz» ұлттық компаниясының арқасында 22 елді мекен табиғи газ желісіне қосылды

Мұндай қуанышты сәтті 6 бірдей ауданның халқы он жылдай күтті. Халықтың тығыз орналасуына байланысты еліміздегі негізгі газ тұтынушылары да осы Түркістан өңірінде. Сондықтан Ұлттық компания басшылығы осы өңірге баса назар аударып, өзекті мәселелерді жедел шешуді қолға алды.

Көгілдір отын жағып, тұрмысы жайлана түскендердің қатарында Теке ауылында тұратын Мастура Жүсіпованың да шаңырағы бар. Табиғи газдың келуі көпбалалы әрі қонақжай отбасының тірлігін шуақты ете түсті. Күлдің шаң-тозаңы мен көмірдің ысынан құтылды. Үйі жылы, қазаны қайнаулы.

Мастура Жүсіпова, Теке ауылының тұрғыны:
Бізге газ келді, көгілдір отын. Қазір міне сіздерге жағып көрсетейін деп жатырмын шындықты. Міне, қазір енді шай қайнайды. Бізге өте қиын болған еді пеш жағып, жұмыс істеп, көмір жағып, отын тасып, ағаш жарып дегендей. Колхозды білесіздер ғой. Енді керемет болды. Жаңа Қазақстанға жаңа газ келді біздің ауылға. Көгілдір отынның келуіне біздің ауылымызға «Qazaqgaz»-үлкен үлесі бар қосқан. Солардың арқасында бізге келіп отыр деп ойлаймын. Сол жерде жұмыс істеп жатқан барлық жұмысшыларға, мамандарға, жоғарыда отырған басшыларына үлкен рахметімізді айтамыз.

Осылайша «QazaqGaz» ұлттық компаниясының жаңа басшылығы 10 жылдан астам уақыт бойы шешімін таппаған күрделі мәселені шешті, енді 60 мыңға тарта тұрғын көгілдір отынның игілігін көрмек. Ұлттық компаниясының басшылығы өңір әкімімен болған кездесуде Түркістан облысындағы елді мекендерді тұтастай газдандыру мәселесін сөз етті. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді желісінің газ өткізу мүмкіндігін арттыруға үлес қосып отырған «Түркістан» компрессорлық станциясының жұмысы да сапар барысында сараланды. Сондай-ақ бұл күні Ұлттық компания басшылығы Шымкент қаласында іске қосылған үшінші газ тарату станциясының ашылу салтанатына қатысты.

Жалпы газ тұтыну көлемінің артуы келешекте тапшылыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан ұлттық компания қазірден бастап оны шешу жолдарын қарастыруда. Ол үшін «Бейне-Бозой-Шымкент» магистальді құбырының екінші желісін салу қажеттілігі туындады. Оған дейін ішкі мүмкіндіктерді барынша пайдалу қажет. Осы мақсатта басқарма төрағасы оқу-курстық комбинатының және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциясының жұмысымен танысты.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:
Қазақстан газ тасымалдау жүйесінің басты артерияларының бірі ол – Бейнеу-Бозой-Шымкент газ магистралі. Бұл магистраль қазіргі таңда шегінде жұмыс атқаруда. Сондықтан ол магистральмен проблема да көп. Мемлекет басшысының қойған мақсаттарының бірі – ол ресурстық базаны арттыру.

Басқарма төрағасы сондай-ақ сапар барысында Қазақстан-Қытай газ құбырының 4-ші станциясында және «АмангелдіГаз» кенішінде де болды. Қазір оның аумағындағы бірнеше жерде көмірсутек шикізатын табу және анықтауға байланысты барлау жұмыстары жүруде.

Ғани Қалмаханов

Бөлісу