Шымкентте кене шағып, ауруханаға түсетіндер көбейді
Шымкентте күн жылынғалы кене шаққандар саны көбейіп барады. Медициналық көмекке жүгінген мұндай науқастардың қатары былтырғы кезеңмен салыстырғанда үш есеге артқан. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Былтыр «улы жәндік шағып алды» деп дәрігер қарауына небәрі 7 адам келген болса, биыл олардың саны 22-ге жеткен. Дегенмен, кенеден кесел жұқтырып, безгек болғандар жоқ. Былтыр мұндай жағдай екі рет қайталған еді. Шаһарда жылдағы жоспарға сәйкес улы жәндіктерді жою үшін дезинфекциялау ісі басталды. Зарарсыздандыру шарасы мамыр айының соңына дейін жүргізілмек.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01