Қайырымды жандар өздігінен жүре алмайтын азаматқа электронды қоларбаны сыйға берді
Қайырымды жандар шымкенттік Сәбит Дауылбаевтың көптен бергі тілегін орындап, үмітін қанаттандырды. Тумысынан бері өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматқа автоматты басқарылатын электронды қоларбаны сыйға әперді. Бұл жайтқа арнамыздың тілшілері де куә болып келген еді.
Арбаға қолымның әлі келмейді әйеліме, ұл-қыздарыма ана жаққа апар, мына жаққа алып бар деп алып жүретінмін. Енді далада еркін жүре аламын.
Сәбит-отбасының тұңғышы. Тумасынан сырқат. Ата анасының сал болып қалған перзентін апармаған жері жоқ. Дәрігерлердің көмегімен жасөспірім кезінде ептен жерге табан тірегіндей болған, бірақ кейіннен аяғы қайта жансызданды. Қазір отбасылы. Жанын түсініп, жайын істейтін жары бар. Алтын асықтай ұлы мен қызы өсіп келеді.
Райхан Пошаева, Сәбит Дауылбаевтың анасы:Өтінішімді орындапты деп баламның қуанғанын көрсеңіздер. Айта алмаймын. Енді міне өзі жүреді, балаларын мектепке апарса да қасында болады.
Үнемі қайырымды істерден шет қалмайтын Баян Суннатова Сәбиттің қалауын іскер әйелдер қауымдастығындағы құрбыларынан естіген. Сөйтіп бірнеше кәсіпкер ортадан ақша жинапты.
Баян Суннатова, Нұр-Сұлтан қаласы іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі:Мен Сәбиттің жағдайын естігенде бей-жай қала алмадым. Оның үстіне жерлесім екен. Қалауындағы қоларбаны сол күні-ақ тауып сатып алдық. Менің ойымша мұқтаж жандарға мұндай қамқорлықты тек Рамазан айында ғана емес барлық уақытта жасауымыз керек.
Дәрігерлерге жиі қаралатындықтан Сәбит жұбайымен қазір Шымкент қаласында тұрып жатыр. Оның ендігі арманы баспаналы болу. Перзенттерін жетілдіріп, өзім де ата-аналық қуанышқа бөленсем дейді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21