Алматыда құрылыс алаңында үш адамды темір басып қалды
Алматыда құрылыс алаңында оқыс оқиға болды. Бірнеше адам металл жабындысының астында қалған.
Қуан Нұрақын, тілші:Бір жақсысы оқыс оқиғадан мерт болған ешкім жоқ. Бірақ мертігіп қалған 4 адам орталық клиникалық ауруханаға түсті. Олардың үстіне темір жабынды құлап кеткен. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Барлығының жағдайы жақсы, жеңіл-желпі дене жарақаттарын алған дейді дәрігерлер. Қалалық полицияның мәліметінше, қауіпсіздік техникасын бұзу дерегі бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен құрылысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ал, нысанға жауапты құрылыс компаниясы барлық қызметкерлерге жұмыс алдында техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық көрсетілді деп отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01