Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдауға жақын. Мұны екі елдің премьер-министрлері Стокольмде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Фин үкіметінің жетекшісі Санна Мариннің сөзінше, оның елі Солтүстікатлантикалық альянсқа өту туралы шешімді «бірнеше аптада» жариялайды. Ал, швед премьері Магдалена Андерсонның айтуынша, Швеция бұл мәселеге қатысты позициясын мамырдың соңында хабарламақ.
Скандинавиялық мемлекеттердің НАТО-ға қосылу мәселесін жеделдетуіне Украинадағы жағдай себепші. Айта кетсек, Ресеймен Финляндия шекаралас екені белгілі. Ал, Швеция шектеспейді.
Мәскеу болса, екі ел НАТО-ға қабылданып жатса, Еуропадағы қауіпсіздігін күшейтіп, Калининградқа тіпті ядролық қару орнататынын ескертті. Алайда, Литва қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей Калининградта бұрыннан атомдық арсенал ұстап отыр.
Арыстан Рысбек