Киевке 4 президент барды
Польша мен Балтық жағалауындағы Литва, Латвия, Эстония президенті Киевке барып, Украина жетекшісі Владимир Зеленскиймен кездесті. Мұның алдында олар Киев облысында жүздеген адамның мәйіті табылған елдімекендерді аралаған. Алайда Ресей ол қырғынға өз жауынгерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр. Еуропалық мемлекеттердің басшылары Украина астанасына пойызбен жеткен. Сапар барысында олар жергілікті қарулы күштерге әскери көмек беруге уәде берді.
Бұған дейін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Украинаның Мәскеумен тығыз байланысы үшін қабылдамайтыны жайлы ақпарат тараған. Бірақ, сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Зеленский Штайнмайер немесе оның кеңсесі сапарға қатысты онымен ресми түрде хабарласпағанын айтты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06