Сарыағаш ауданында жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, 3 адам көз жұмды
Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
Ғани Қалмахан, тілші:Қайғылы оқиғы кеше кешкі сағат 7-лер шамасында болған. Шымкентке бағыт алып келе жатқан жолаушылар автобусының алдынан Audi көлігі жүйткіп шығады. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның ішіндегі екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті.Автобустағы 4 жолаушы жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізілген. Оқиға болған сәтте автобус ішінде 30-қа жуық жолаушы болған. Қалғандары дін-аман. Қазір Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері жол аптаның себебі мен оған кінәлілерді анықтау үстінде. Оқиға орнында шұғыл іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01