Украина мен Ресей арасындағы соңғы оқиғалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей арасындағы соңғы оқиғалар

07.04.2022

Ресей өз әскерін Украинаның Киев және Чернигов облыстарынан толық әкетті. Мұны АҚШ Қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.

Тағы бір сөзінде Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби Украина армиясының «абсолютті түрде» жеңіске жететінін мәлімдеді. «Өйткені Путин әлі күнге дейін Украинада стратегиялық мақсаттарына қол жеткізе алмай отыр», - дейді Америка әскери ведомствосының өкілі.

Ресей көрші елге 130 батальон енгізген. Соның 80-і - қазірге дейін Украина территориясында. Олар бүгінде Донбасста шабуылды күшейтіп, жергілікті әскерді оңтүстіктен, солтүстіктен, шығыстан қоршауға алуға әрекеттеніп жатыр.

Өткен айдың соңында Ресей енді бар күшті Донбассты «азат етуге» жұмылдыратынын жариялаған. Мұндағы Луганск облысының 90 пайызы, Донецктің жартысынан астамы - Мәскеу мен оған жақтас көтерілісшілер бақылауында. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы жанжал үдегендіктен, Донбасстан ондаған мың адам қашып, қалалар босап қалып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу