Елімізде жануарларды қорғау жұмысы күшейтіледі
Арқада киік төлдейтін уақыт жақындап келеді. Осыған байланысты ақбөкендер құралайын өргізетін аумақтарда оны қорғау жұмысы күшейтіледі. Еліміз бойынша өтетін «Киік» кең ауқымды акциясы 15 сәуірден 15 мамырға дейін жалғасады. Қостанай облысында бұл жұмысқа табиғат қорғаушылар, аңшылар қауымы мен полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Тіпті қажет болған жағдайда браконьерлерді ұстауға арнайы жасақ сарбаздары да тартылмақ. Облыс аумағында соңғы 2 жылда киік саны 1,5 есеге көбейген. Мысалы, 2019 жылы оның саны 100 мыңнан сәл асса, былтыр 300 мыңға жуықтапты. Бұл – түз тағысын қорғаудағы бірнеше ведомство өкілдерінің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі.
Талғат Ахметов, ПД табиғат қорғау полициясы бөлімінің басшысы:
Әр топта полиция қызметкерлері бар. Далада кездескен көлікті тоқтату, тінтіп қарау, заңсыз заттарды анықтау олардың міндетіне кіреді. Егер заңсыздық әрекеттері анықталса, заң бұзған азаматтарды жауапқа тарту үшін шешімдер қабылданады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06