Қарағандыда тұрғын үйлер суға кетті: мектептерде сабақ онлайн форматқа ауысты
Қарағандыда көпқабатты үйлерді су басқандықтан электр желілерінде ақау шығып, тұрғындарды уақытша қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Жабылған жол учаскелері де бар.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Иә қалада Университет көшесіндегі үш қабатты 3 үйдің ауласын ағын су басуына байланысты негізгі электр желілерінде тоқтың тұйықталуы болған. Осыған байланысты 36 отбасы уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Соның ішінде 15 адам қонақ үйге орналастырылды. Ал қала сыртындағы Сұрыптау станциясы маңындағы жұмысшылар ауылында су құм бөгеттерді бұзып, 8 үйдің ауласына лық толған. Ондағы 40 тұрғын жақын маңдағы мектепке орналастырылды.Жалпы наурыз айында өңірде айлық мөлшерден 2,5 есе көп қар түскен. Ауа райының күрт жылынуына байланысты даладан ағып келген қар суы қалаға кіріп жатыр. Кеше кешкілік қайта көтерілген қарғын су Тәттімбет, Мұқанов көшелері мен кеншілер даңғылын басып, тұрғын үйлердің жертөлесіне кірген. Құтқарушылар жұмыстан қайтқан тұрғындарды, мектеп оқушыларын құрғақ аумаққа техника көмегімен, тіпті жаяу арқалап тасыған. Коммуналдық қызмет түнімен жұмыс істеп жертөлелердегі суды сыртқа ағызды. Ал көшедегі су коллекторлық құбырларға құйылуда. Қаланың осы Оңтүстік-Шығыс аумағындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа ауысты. Өңір бойынша Қызылорда-Павлодар тас жолының Құлайғыр елдімекені тұсынан су жүруіне байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгермен кездесу өтті
28.10.2026, 17:13