Ақмола облысында 100 мың текше метр су сорылды
Ақмола облысының 10 ауданындағы елдімекендерден 100 мың текше метр еріген қар суы сорылды. 3 мыңнан астам су өткізу орындары тазаланды. Қазіргі уақытта құтқарушылар күні-түні қызмет етіп жатыр. Әсіресе Аршалы мен Целиноград ауданында жұмыс белсенді жүргізілді. Негізгі күш осы аймаққа жұмылдырылған. Өңірде тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өзге де нысандарды су басу дерегі тіркелген жоқ. Облыста 315 тонна жанар-жағармай, 17 мың тонна инертті материал, 77 мыңға жуық құм салынғап қап әзірленді. 222 эвакуациялау пункті бар. Мал айдауға 625 орын және 1,2 млн тонна жем дайындалды. Ағын судың алдын алу шаралары жалғасады.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға қандай қолдау бар?
28.10.2026, 18:38
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14