Жол сапасын қадағалайтын мамандар қайта оқытылады
Жолдардың сапасын бақылайтын мамандар қайта оқытылады. Бұл – ойқы-шойқы жолдардың болмауы үшін жасалып отырған қадам. Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы салаға қатысы бар мекеме өкілдерімен жиын өткізді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Елімізде жол салуға тапсырыс беретін, оның сапасын қадағалайтын да – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері. Аталған мекемелерде жұмыс істейтін 1 500-ден астам қызметкердің тек 10% ғана өз мамандығы бойынша еңбек етіп жатыр. «Елімізде салынатын жолдардың сапасының нашар болуы да осы», – дейді сарапшылар. Шымшық сойса да қасапшы сойсын демекші, енді Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы тиісті мекеме мамандарын қайта оқытпақ. Яғни аталған саладағы қарапайым ережелерден бастап, тың технологияларды қолдану әдістеріне дейін үйретеді. Сондықтан алдағы күндері арнайы семинар басталады.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06