Мемлекет басшысы мамырда Түркияға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы мамырда Түркияға барады

05.04.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел президенттері бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Тараптар сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 млрд долларға дейін, ал келешекте көрсеткішті еселеп арттырудың маңызды екенін айтты. Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады. 

Хабарламаларға жазылу