Ресей үкіметі «параллельді импортқа» рұқсат берді
Жаңа ережеге сәйкес, компаниялар шетелдің өнімдерін оларды шығарған кәсіпорынның рұқсатынсыз, яғни, тауарлық белгісіз әкеліп сата алады. Бірқатар бақылаушылардың ескертуінше, бұның бәрі Ресейдің инвестициялық климаты мен импортты алмастыру саясатына зиян тигізуі мүмкін. Премьер-министр Михаил Мишустин қол қойған қаулыға сай, елге тек «сұранысқа ие» тауарлардың көшірмесі емес, түпнұсқасы ғана енгізілуі керек. Және де олар барлық кедендік процедуралардан өтуге міндетті. Бірақ, тауарлық белгісі жоқ заттардың жасанды емесі шекарада қалай анықталатыны және сауда орындарында қалайша кепілдікпен сатылатыны әзірге беймәлім. Бұған дейін Ресейде өндірушінің рұқсатынсыз саудаланған тауар үшін миллиондаған рубль айыппұл салынатын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06