Астана күні аймақтарда аталып өтуде
Елорданың мерейлі мерекесі Ақтау қаласында да кең көлемде аталып өтті. Каспий теңізінің жағасында өнерпаздар ән мен күйді көкке қалықтатты. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар өз қолынан шыққан бұйымдарын көрмеге қойды.
Содан соң, велошабандоздар шаһардың орталық көшелерін кесіп өтіп, тартысты бәсекеде бақ сынасты. Оған 12 мен 80 жас аралығындағы 100-ге жуық ерікті қатысты. Кешқұрым өнер майталмандары Ақтаудың аспанын әуелеген әнмен тербетті.
Ұштап Үмбетова, қала тұрғыны:
Күннен күнге көркейіп келе жатқан Астана ғой. Гүлдене берсін, үлкен биіктерден көрінсін. Шетелдің бәрі таниды Қазақстанды. Танымалдығымыз арта берсін. Елбасымыз аман болсын. Елбасының арқасында осы жетістіктердің бәрі. Мереке құтты болсын!
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06