Алматы облысында кешенді медициналық көмек көрсететін орталық ашылды
Халқының 78% ауылдық жерде тұратын өңір үшін бұл аса маңызды. Жаңа нысан қызмет сапасын арттырумен қатар, жоғары білікті мамандармен қамтуға да септігін тигізбек. Шараға арнайы келген қонақтар кешеннің жұмысымен танысты. Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасы базасында ашылған платформаның бір ерекшелігі – дәрігерлердің жанына әлеуметтік қызметшілер мен психологтар да қосылып отыр. Яғни алғашқы көмек кешенді түрде қарастырылады. Мұнда ана мен баланың денсаулығына, отбасын жоспарлауға, аурудың алдын алу мен дәрі-дәрмекпен дер кезінде қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі.
Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы:
Қазақстан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Демонстрациялық платформаны ашып жатқан біздің аймақтағы алғашқы ел. Бұл тұрғыда Қазақстан өзге елдерге үлгі болды. Сөзден іске көшіп, бүгін орталық қалаларда емес, шет өңірде маңызды жобаны іске асырып отырмыз. Осы платформа арқылы мемлекеттер алғашқы көмек көрсетудің озық үлгілерін бір-бірінен үйреніп, өзара тәжірибе алмасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01