Мәжілістің жалпы отырысында биологиялық қауіпсіздік туралы заң қаралды
Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе құрылады. Басты мақсат - қауіп-қатерді ерте анықтау және алдын алу. Мәжілістің жалпы отырысында салада қандай өзгерістер болатыны тағы бір рет талқыланды. Толығырақ тікелей эфирге қосылған тілшіміз Берік Көшербай тарқатады.
Берік Көшербай, тілші:
Биологиялық қауіпсіздік туралы заң Мәжілісте бірінші рет өткен жылдың соңында қаралған. Екінші оқылымға дейін депутаттар оның мазмұны мен сапасын жақсартатын бірқатар түзету енгізген. Жалпы алғанда, заң биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша жауапты органдардың құзыретін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Құжатта қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік зертханалардың базасын жақсарту, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе құруға қатысты жұмыстың бәрі жазылған. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тетіктері көрсетілген. Адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауруы бойынша нақты қандай статистикалық және есептік деректердің артуы елдің биологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні нақтыланған. Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13