Алматыда дауылдан 45 ғимараттың шатыры ұшып, 25 автокөлік бүлінген
Кеше Алматы қаласында дүлей дауыл тұрып, арты нөсерге ұласты. Салдарынан шаһарда ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшқан. Қалың көлік кептелісі қалыптасып, бірнеше транспортқа зақым келді. Екпіні күшті дауыл тіпті әуежайдағы ұшақты орнынан жылжытып жіберген. Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тікелей байланыста.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Бүгін Алматыда аспан ашық, күн жылынып қалды. Дегенмен, кеше табиғат тосын мінез танытты. Дүлей дауылдың салдарынан 45 ғимараттың шатыры ұшқан. Оның 13-і әкімшілік ғимарат. Ағаштар құлап, 25 автокөлік зақымдалды. Нөсер жауып, шаһарда қалың көлік кептелісі қалыптасып, жүріп-тұру қиындады. ТЖД мамандары қазір апаттың салдарымен күрес жұмыстарына кірісті. 2 бірдей тұрғын үйдің қасбетіне зақым келген. Тиісінше бетон блогтары құлап, тұрғындардың өміріне қауіп төнген. Жалпы апаттың салдарынан 2 адам жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ қала маңында орналасқан бірнеше елдімекен жарықсыз қалды. Қазір келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Тағы бір айта кететіне жайт екпіні қатты жел тіпті Алматы әуежайда тұрған ұшақты орнынан жылжытып, оны да зақымдаған. Зардап шеккендер жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
23.10.2026, 10:00
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11