Украинадан эвуакцацияланған тағы 53 жерлесіміз Қазақстанға жеткізілді. Олар Киев, Львов, Краматорск, Донецк сынды қалаларда тұрып келген. Бейбіт елден пана іздеген жандар мен Отанына оралған жерлестерімізді жақындарымен бірге әуежайдан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектесов те қарсы алды.
Нұрсұлтан Тілектесов, тілші:
Польшаның Катовице қаласынан елорда уақытымен 19:44-те ұшқан ұшақ міне араға 7 сағат салып дін-аман Алматы әуежайына келіп қонды. Еске саламыз бұл Украинадан эвуакциаланғандарды елге тасымалдаған 7-ші репатриациялық рейс. Қазақстанға жеткізілгендердің сөзінше, Украинада қазір жағдай мүшкіл.
Анна Баравик:
Адамдар атылған оқтар мен зымырындардан тығылып, тұс-тұстан пана іздеп жүр. Сағат сайын жаңғыратын серенаның дауысы зәре-құтымызды алып бітті. Ураинадағы жағдайды сөзбен айтып жеткізу қиын. Өте қорқынышты. Аяқ-қолымның дірілі әлі басылған жоқ.
Алена Заика:
Біздің облыста екі қаланы атқылап, жермен жексен етті. Аулаларымызда танктер тұр. Мен өзім Украина азаматымын. Күйеуім Қазақстан тумасы. Осыннан уақытша пана іздеп келдім. Маған көмектескен Қазақстан елшілігіне алғысымды айтамын.
Нұрсұлтан Тілектесов, тілші:
Ұшып келген азаматтарды жақындары қарсы алды. Олардың кейбіреуі Польша шекарасына еш қиындықсыз жетсе, енді біреуі бірнеше күн жол жүрдік дейді. Бортта болған 53 жолаушыны Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері мен волонтерлер қонақ үйлерге орналстырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Айта кету керек бүгінге дейін Украина аумағынан 900 ҚР азаматы шығарылды. Олардың 743–і репатриациялық ұшақтармен елге жеткізілді.
Нұрсұлтан Тілектесов