Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданының тұрғындары арықтың жоқтығына шағымданды
«Жаңбыр жауса болды, тобықтан су кешеміз». Осылай деген Алматыдағы «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғындары әлі күнге дейін ауданда арық мәселесі шешілмей жатқанын айтады. Соның кесірінен көшеден аққан су аулаға жиналып қалады дейді.
Шаңырақ ықшам ауданының тұрғындары сәл жаңбыр жауса болды, көрген күніміз осы дейді. Сай-саладан, көшеден аққан су аулаға толып қалатын көрінеді. Соның кесірінен ары-бері жүру қиындаған.
Жанар Оспанова - көпбалалы ана. Шаңырақ ықшам ауданында 15 жылдан бері тұрады. Көктем шықса болды, көшеден аққан су үйге дейін кіріп, мазамыз қашады дейді. Мәселені аудан әкіміне талай рет айтқан.
Жанар Оспанова, қала тұрғыны:Қанша рет бардық. Ешқандай нәтиже жоқ.
Шаңырақтықтардың айтуынша, әкімдік жағдайдан хабардар болғанымен, арық жүйесін қолға алуға еш әрекет жасамай отыр.
Секен Қоқабаев, қала тұрғыны:Судың бәрі есіктің алдына кіріп жатыр. Мына жерде балабақша бар.
Биыл Шаңырақ-1 ықшам ауданы бойынша 9 көшеге арық салынады. Алайда сайда орналасқан, негізгі су жиналатын көшелер жоспарда жоқ.
Нұрсұлтан Мырзатай, Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы:Шаңырақ-1 ықшам ауданында су, кәріз жүйесі орнатылып біткеннен кейін біз арық жүйесін қажет ететін көшелерге өтінім жасап, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап, арық жүйесін салатын боламыз.
Әкімдік өкілі су басатын бұл көшелерге жақын арада арық салынбайтынын айтты. Ал талай жылдан бері шешімі табылмаған мәселеден мезі болған тұрғындар шаһар басшысына шағымданамыз деп отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00
Қосшыда халық саны 100 мыңға жетті
27.07.2026, 16:57
Жыл басынан бері 13 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
27.07.2026, 16:57
Маңғыстауда ауыл тұрғындары әлеуметтік қызметтердің игілігін көруде
27.07.2026, 16:54
Қазақстан Халық партиясы «Мәңгілік классика» акциясын өткізді
27.07.2026, 16:52
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 16:49
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09