Басты Жаңалықтар Наурыз мерекесіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттар келіп жатыр

Наурыз мерекесіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттар келіп жатыр

АҚШ Президенті Джо Байден Қасым Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады. Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев Наурыз Орта Азия халықтарының ортақ мақсаты мен арманын білдіретін мейрам екенін жазған.

Сондай-ақ Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев те ізгі тілегін жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен әлі де жеделхаттар келіп жатыр.

Бөлісу