Түбі бір түркі жұртына ортақ мейрамды түркиялықтар да атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түбі бір түркі жұртына ортақ мейрамды түркиялықтар да атап өтуде

21.03.2022

Түбі бір түркі жұртына ортақ мейрам Наурызды түркиялықтар да атап өтеді. Дегенмен дәл Қазақстандағыдай ауқымды түрде емес. Көбіне ауылдық жерлерде отбасы, көрші-қолаңмен тойлайды.

Айхан Ергүн, Ыстамбұл қаласы Йенимахалле ауданының әкімі:

– Қазақстандағы барлық бауырларымды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ғасырлардан бері тойланып келе жатқан көктем мейрамы, Орта Азиядан Балқан түбегіне дейінгі аумақта аталып өтетін ортақ мерекеміз. Адамдарды бірлікке шақыратын жаңару кезеңі. Дәстүрді үзбеген қазақтарға алғысым шексіз. Наурызда тек жақсылыққа жете беріңіздер.

Мұхаммед Сабри Кылынч, кәсіпкер:

– Қазақстандағы барлық бауырларымызды көктем мен жаңарудың, достық пен тыныштықтың мерекесімен құттықтаймын. Ата-бабаларымыз бізге аманат еткен осы ерекше мейрамды тойлап жатқан күллі түркі жұртына ынтымақ пен береке тілеймін.

Әз-Наурыз Еуропа төрінде де тойлануда.

Лондон қаласының орталығындағы UCL (ЮСиЭл) университетінің алдына жиналған көпшілік Ұлыстың ұлы күнінде түрлі ұлттардың дәстүрлерін тамашалап, ақ тілектерін жаудырды.

Соника Конжакшн, Лондон тұрғыны:

– Өте керемет. Бірінші рет қатысуым. Ендігі жолы отбасымды түгел ертіп келемін. Мен Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан туралы көп нәрсе білдім. Баршаңызға бақ-дәулет, бейбітшілік және бақыт тілеймін.

Джозеф Лебон, Қазақстанның Бельгиядағы құрметті консулы:

– Қазақстан – әлемдегі ең әдемі мемлекеттердің бірі. Елдеріңізде 8-рет болдым. Шымбұлаққа бардым, тауға шықтым. Табиғаты ғажап, мәдениеті бай, халқы өте қонақжай. Ол жақтан көптеген достар таптым.Барша қазақстандықтарға береке-бірлік тілеймін. Наурыз құтты болсын!

Хабарламаларға жазылу