Жапонияда 7,4 баллдық зілзала кезінде 4 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 7,4 баллдық зілзала кезінде 4 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды

17.03.2022

Жапонияда қуаты 7,4 баллдық жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, зілзаладан 4 адам қаза тауып, 107-сі жараланған.

Солтүстік жағалаудағы Фукусима және Миаги префектураларында жер дүмпуінен үйлер мен ғимараттардың терезелері сынып, жиһаздар құлап, электр сымдары үзілген. Және де екі аймақ арасында қатынайтын жүрдек пойыз жартылай жолдан тайды. Дегенмен, бұл апаттан ешкім жараланбаған.

Токио аймағын қоса алғанда, 14 префектурада 2,2 миллион үй жарықсыз қалды. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың көпшілігіне бүгін таңертең электр қуаты қайтадан берілді.

Мұхитта толқын 30 сантиметрге ғана көтерілгендіктен, цунами қаупі туралы дабыл доғарылды. Мұны Жапония метеорологиялық агенттігі хабарлап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу