Шетелдік басылымдарда Президент Жолдауына қатысты мақалалар жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік басылымдарда Президент Жолдауына қатысты мақалалар жарық көрді

17.03.2022

Шетелдік басылымдарда Президент Жолдауына қатысты мақалалар жарық көрді. Ақпарат агенттіктері әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаеавтың саяси жүйені жаңа жағдайға бейімдеу туралы ойына ерекше тоқталған. Мәселен, Associated Press Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тоқыраудың» тереңдеуіне жол бермеу үшін суперпрезиденттік жүйеден бас тарту қажет деген ұсынысына жекелей тоқталған. Сонымен бірге, Қазақстан Үкіметі халықтың өмір сүру деңгейін күрт төмендеуіне жол бермеу үшін дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдап жатқаны туралы да айтылды.

Ал Бразилияның «Дипломатия Бизнес» ақпараттық, коммуникациялық және іскерлік порталында «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады» деген мақала жарық көрді. Мемлекет басшысы жақын арада жүзеге асырылуы тиіс саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын, бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараны ұсынғаны айтылған. Бұған қоса автор: «Қазақстан лидері қаралы қаңтар оқиғасын қозғады. Президенттің пікірінше, ауқымды әрі жан-жақты жоспарланған операцияның мақсаты жоғары басшылықты биліктен тайдырып, халық пен әлемдік қоғамдастық алдындағы оның беделін түсіру болды» деген сөзі келтірген. Мақала соңында реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетіні туралы жазылған.


Хабарламаларға жазылу