Президент саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды
Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Бастамалар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста.
Дарын Сағитов, тілші:
Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Ең бастысы – Президенттің өкілеттігі біртіндеп қысқарады. Парламенттің рөлі артады. «Сенатты қалыптастыру мен оның бірқатар қызметін қайта қарастыру қажет» деді Тоқаев. Жоғары палатадағы президенттік 15 квотаның саны 10-ға қысқарады. Жолдауда Сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық моделі туралы да айтылды. Бұл модель сайлаушылардың мүддесін ұлттық және өңірлік деңгейде жақсы көрсетеді деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудандар мен қалалардағы сайлауды толғымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады.
Бұған қоса, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы 9-дан 5 орынға қысқарады. Квоталар Сенатқа беріледі. Айта кетерлігі, енді сайлау алды уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айрылады. Президент Жолдауда Конституциялық сот пен Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастырады. «Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануы керек» деді Мемлекет басшысы. Ол еліміздің адымдап алға жылжып, азаматтарымыздың өмір деңгейінің артуына мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Жаңа Қазақстан дегеніміз – егеменді еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемелкет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегімізідң кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азматтың конституциялық құқығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз».
Президент «Жаңа Қазақстанның» іргетасын қалай отырып, мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз деді. Жолдауда айтылғандай, енді Мемлекет басшысының жақын туыстары лауазымды басшылыққа тағайындалмайды. Бұған заңмен тыйым салынатын болды. Тағы бір маңызды жаңалық - елімізде жаңа 3 облыс пайда болады. Абай, Ұлытау және Жетісу. Семей Абай облысының, Жезқазған Ұлытау облысының және Талдықорған Жетісу облысының орталығы болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13