Президент батыл шешім қабылдап, мемлекеттікті сақтап қалды - Абзал Құспан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент батыл шешім қабылдап, мемлекеттікті сақтап қалды - Абзал Құспан

14.03.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Президент өзінің батыл әрекетімен мемлекеттікті сақтап қалды. Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғаушылар мен адвокаттар Мемлекет басшысының жағдайды тұрақтандырудағы ерекше рөлін атап өтті. Олардың пікірінше, Президент осындай сындарлы уақытта табанды шешім қабылдап, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап берді. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаңтар оқиғаларын жан-жақты тергелуін талап етуі бізге күш берді, дейді адвокат Абзал Құспан.

Абзал Құспан, адвокат:

Мемлекет басшысының осы оқиғалар орын алған кездегі табанды шешімі, оқиға бойынша алғашқы кезеңнен бастап елге ашық сұхбат беріп, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап бергені, басынан бастап тергеу органдарынан болған оқиғаны мейлінше ашық, әрі объективті, жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге де ерекше күш-жігер сыйлағанын айтқым келеді. Біз және бізден бөлек құрылған басқа да комиссиялар осы мақсатта жұмыс істеді.

Эльвира Әзімова, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

Парламент «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң қабылданды. Осы Заң төтенше жағдай кезінде бізге көмегі нақты тиді. Себебі біз Заң аясында біраз мониторинг жұмысын жүргіздік. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, атап айтқанда прокуратура құқық қорғаушылармен ашық әріптестікке дайындығын көрсетті. Бұл елеулі прогресс.


Хабарламаларға жазылу