Ал Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнесмендерге 5 миллиард теңгеден аса өтемақы төленді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мемлекеттік органдардың бүлінген нысандарын қалпына келтіру және кәсіпкерлік нысандарына келген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Досжан Маратұлы, тілші:
Қаңтар оқиғасы кезінде ел экономикасына 100 миллиард теңгеден астам шығын келгені белгілі. Қазір арнайы комиссия құрылған, қираған нысандар мен зардап шеккен кәсіпкерлерге шығынды өтеу бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр, деді Роман Скляр. Айтуынша, еліміздің 8 облысында әкімдік, полиция бөлімшелері секілді 42 мемлекеттік нысан зардап шеккен. Оның 28ін қалпына келтіру басталып кетті. Қалған 14 күрделі жөндеу қажет немесе сүріледі.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Күрделі жөндеу және қайта құруды қажет ететін 14 мемлекеттік нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кестеге сәйкес 7 ғимарат бойынша жұмыстар наурыз айында, 5 нысан бойынша ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады.
Айтарлықтай зардапты ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі мен «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде.
Досжан Маратұлы, тілші:
Бизнес нысандар бойынша. 1700-дей кәсіпке зиян келді. Шығынды өтеу бойынша да осынша өтініш түскен. Қазір жергілікті атқару органдары мыңнан астам өтінішті мақұлдап бес жарым миллиард теңге өтемақы төледі. Қалған бизнесмендерге де бағалау процедуралары ақталған соң тиісті қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ Вице-премьер шағын және орта бизнесті қолдауға шаралары жайды айтты. Толығырақ алдағы шығарылымдарда баяндаймыз.