Қаңтар оқиғасы бойынша 3770 қылмыстық іс қозғалды
Қаңтар қақтығысы кезінде ұрланған қару-жарақтың 2000-нан астамы әлі қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Ал мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету, аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 іс тергеліп жатыр. Толығырақ қазір бізбен тікелей байланыста тұрған әріптесім Асима Нұрбайқызы толықтырсын.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Ия Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасына қатысты 35 мыңнан астам жедел-тергеу іс-қимылдары жүргізілгенін мәлімдеді. Оның 20 мыңы - тексеру, жауап алу, тінту. 766 күдікті ұсталған. Дені - 30 жасқа дейінгі жоғары білімі жоқ, жұмыссыз жастар. Араларында 19 адам деструктивті діни ағымда екені анықталғанын айтты Бас прокурор. Сондай-ақ, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі болған. Және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі әрі 113 адам бұрын кісі өлтірген, ұрлаған, тонаған және қарақшылық жасағаны үшін сотталған. 3 мың қару ұрланған. Алайда оның қазіргі күнге дейін тек 770-і ғана табылған. Қалғаны, яғни 2 мыңнан астам қару-жарақ әлі қылмыскерлердің қолында. Оның ішінде - автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен гранаталар бар. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Мәсімов 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деді. Сондай-ақ Бас прокурор аумақтық тұтастығымыз бен мемлекеттігімізге үлкен қауіп төнгенін айтты. Қаңтар оқиғасы кезінде жалпы ел аумағында барлығы 230 адам қаза тапқан. 20 адам кездейсоқ оққа ұшып, көз жұмған. Жедел-тергеу іс-шаралары әлі жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13