Сенатта ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жолдары талқыланды

11.03.2022

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру – заман талабы. Фермерлер озық технологиялардың арқасында өнімділікті арттырып, шығынды азайта алады. Осы бағыттағы жұмыстар барысы Сенатта талқыланды. Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелерді тыңдаған әріптесім Берік Көшербай тікелей байланысқа шығып тұр. Берік, елімізде агроөнеркәсіп кешеніні цифрландыру деңгейі қалай?

Берік Көшербай, тілші:

Бүгін Сенатта аграрлық саланы цифрландыру мәселесі талқыланды. Баяндама жасаған мамандардың мәліметі бойынша, бұл бағытта біраз жұмыс істелген. Алайда, шалғайдағы шаруалар жаңа технологиялардың игілігін толық көре алмай отыр. Себебі, интернет нашар немесе мүлде жоқ. Сондықтан, сенаторлар 1 мыңнан астам ауылда сапалы интернет қашан болады деген сұраққа жауап іздеді. Агроөнеркәсіп кешенін цифландыруға кедергі болып тұрған басқа да түйіткілді мәселелер бар. Мысалы, жер карталарын жасауға жаңа жүйе керек. Бүгінде картографиялық база үшін 80 жыл бұрын жасалған координаттар жүйесі қолданылады. ТМД мемлекеттері арасында мұндай ескі тәсіл тек Түркіменстан мен Қазақстан ғана қалған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жерлерінің балансын да нақты білмейміз.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл жерде бізде қазір екі мәлімет бар. Әкімдіктердің балансына сенсек, 76 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлер бар. Ал мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметі бойынша, 46 млн гектар. Яғни, айырмашылық 30 млн гектар. Біз қалай цифрлық технологияларды еңгіземіз, қалай тиімді жұмыс істеуге болады, егер айырмашылық осылай 30 млн гектар болса.

Берік Көшербай, тілші:

Дөңгелек үстелге қатысушылар аграрлық ғылымды дамыту, қазіргі заманға сай кадр дайындау мәселесін де талықады. Өйткені, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру үшін білікті маман қажет. Ал Ауыл шаруашылығы министрілігі бірнеше айдан соң субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосуды көздеп отырғандарын айтты. Бірақ, сенаторлар оларға асықпауға кеңес берді. Не себепті екенін кешкі эфирге дайындап жатқан сюжетте толық айтамын.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу