Үкіметте көктемгі дала жұмыстары пысықталды
Биыл көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Арзандатылған отын былтырғы жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға көп пе?
Дарын Сағитов, тілші:
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген жанар-жағар майдың литрі 176 теңге. Бұл нарықтық бағадан 15 пайызға арзан. Отырыста өткен жылғы қуаңшылықтан туындаған проблемаларды ескере отырып, биыл жем-шөп алқабы едәуір ұлғайтылғандығы айтылды. Оның ауданы 4 млн гектарға жуықтады. Қолға алынған шараларға қарамастан Үкімет басшысы жем-шөп проблемасының биыл қайталанбауын тапсырды. Жиында айтылғандай, биыл егіс және орақ жұмыстарына берілетін бюджеттік несиенің мөлшерін екі есе ұлғайту жоспарланып отыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазір бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс күн санап артып келеді. Сұранысқа сай оның бағасы да қымбаттап барады. Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп ғана қоймай, оның экспорттық әлеуетін де арттыру – аса маңызды мәселе Үкімет науқандық жұмыстарды қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шешімдерді қабылдады. Биыл осы жұмыстарға 70 млрд теңге бюджеттік кредит бөлінді.
Премьер-Министр тыңайтқыш бағасының 2 есе өсуін сынға алды. Айта кетерлігі, биыл «Қазфосфад» пен «Қазазот» бірден бағаны көтеріп жіберген. Үкімет басшысы кәсіпорындардың мұндай шешімдерін қолдамайтындығын айтты. Әлихан Смайылов орын алған мәселені монополияға қарсы орган жіті тексеретіндігін ескертті. Үкімет отырысы туралы толық материалды алдағы шығарылымдардан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13