Алматыда оқушыларға арналған «ZERTTE STUDIO» зертханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда оқушыларға арналған «ZERTTE STUDIO» зертханасы ашылды

09.03.2022

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінде инженерлі-креативті «Zertte Studio» зертханасы ашылды. Орталық «Білім керуені» бағдарламасы аясында серіктес «Шеврон» компаниясымен бірлесе іске қосылды. Кешенде жасөспірімдер инженерлік, техникалық мүмкіндіктерін дамыта алады.

Кешенде зерттеу жұмыстарымен айналысуға барлық жағдай жасалған. Оқушылар заманауи техниканың тілін меңгеріп, роботтарды өздері құрастыра алады.

Береке Мейрамбек, Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы:

Біз қазір олимпиадаларға, чемпионаттарға қатысып жатырмыз. Басында мектепте жұмыс істеген болатынбыз. Қазір осы жер ашылғаннан бері өзіміздің атмосферамен жұмыс істейміз.

«Zertte Studio» білім ордасының серіктесі «Шеврон» компаниясының бірлесе іске қосылды. Мұнда инженерлік, креативті кешен оқушылардың идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік бермек.

Жанар Қошпанова, «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі:

STEАM балалар техникалық білім алу қазіргі кезде өте маңызды. Біздің балалар инженер болсын, робототехникамен айналыссын деген мақсатымыз бар. Сондықтан зерттеу студиясы сияқты ұйымдарға қол ұшын беріп, осындай лабораторияларды ашуға көп көмектесеміз.

Кешен робототехника және жаратылыстану бағыт бойынша екіге бөлінген. Биология саласы да қамтылған. Топырақсыз гүл өсіруге де мүмкіндік бар.

Алмас Ордабаев, Республикалық физика-математика мектебі директорының міндетін атқарушы:

Басты міндеті - STEАM бағытындағы физика-техникалық бағыттағы білімнің шыңдалуы. Балаларға методикалық көмек көрсету. Оқушыларға, оқытушыларға методикалық көмек көрсету. Сондықтан міндеттерінің арасында бұл жерде оқу бағдарламаларын дайындау бар.

Сондай-ақ, республикалық физика және математика мектебінде ашылған кешенде түрлі вирустарды анықтап, зерттеуге арналған химия кабинеті жұмыс істейді.

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу