Орталық аппаратқа түсетін жарнаның 20 пайызы жергілікті партияларда қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық аппаратқа түсетін жарнаның 20 пайызы жергілікті партияларда қалады

02.03.2022

Бұдан былай «Аманаттың» бастауыш партияларының орталыққа кіріптарлығы азаяды. Себебі, бұған дейін өңірлердегі саяси ұйым жарналары аппаратқа түсіп отыратын. Енді үлестің 20 пайызы өздерінде қалады. Бұл жергілікті жерлердегі саяси ұйымдардың өз деңгейінде нақты істерді атқаруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ халықтан түсетін өтініштер мен шағымдарды сараптау әрі сұрыптау – заманға сай емес. Жұртың талап-тілегіне уақытылы жауап қату үшін заманауи ақпараттық технологияны пайдалану керек.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Big Data арқылы жүргізілетін болса бүгінгі мынау шағым-арыздардың ішіндегі хаос, ақпараттық хаос, орын-орнына келіп, жеке-жеке қарастыруға және жұмысты белгілі бір бағытқа қоюға, әр депутаттың мүмкіндігін дұрыс пайдалануға өзінің оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Меніңше партия санына емес сапасына деген қағидаға сай өзгеріп жатыр. Барлық бюрократиялық аппарат пен кеңестер құрамы қысқарады. Демек, әсіресе, басшылық ұжымның, оның ішінде бюро мүшелерінің жауапкершілігі артады. Әрқайсысының нақты бағыты болады.


Хабарламаларға жазылу