«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы «AMANAT» партиясының жұмысында көрініс табады. Сарапшылардың пікірінше, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, билік органдарына жеткізіп, оң шешім қабылдануына ықпал ету - партияның басты міндеті болмақ.
Индира Рыстина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:
Партияның сайлауалды бағдарламасы бар, ол қалады. Бірақ, оны жүзеге асыру механизмдері ауысып отыр. Ол дегеніміз – халықтың үнін көбірек тыңдау. Яғни, партияның негізі халық екенін түсіне отырып, енді барлық мәселелерді халықтың негізінен шығарып алу принципі жүзеге асырылатын болады.
Аян Сакошев, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Жаңа форматтағы, халықпен тікелей сөйлесе алатын, халық мәселені көтеріп жатқанда оларға жауап беретін адамдар келу керек деп айтты. Қазіргі таңда қоғам тарапынан сұранысқа ие болып жатқан, яғни әртүрлі өңірде әркелкі мәселе бар. Саяси партиялар, қоғамдық ұйым тарапынан оларды ортаға салып, нақты жауап беріп, оларды шешу бағытында жұмыс жүргізу өте маңызды.
Берік Көшербаев