Басты Жаңалықтар Президенттің белсенділікті арттыруға қатысты сынын депутаттар оң қабылдап отыр

Президенттің белсенділікті арттыруға қатысты сынын депутаттар оң қабылдап отыр

Мәслихат пен Мәжілісте «Аманат» партиясының жұмысын жандандыру қажет. Халықтың мұң-мұқтажы көшеде немесе әлеуметтік желіде емес, Парламент қабырғасында көтерілуі шарт. Сол себепті депутаттарға сенім артылып, өңірлерінен өкіл ретінде сайланды. Президенттің белсенділікті арттыруға қатысты сынын депутаттар оң қабылдап отыр.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты: 

Тек қана біз Парламент депутаттары заң шығарушы орган ретінде емес сонымен қатар өкілеттігін де дұрыс мақсатта пайдалана білу керек екенін менің ойымша дұрыс және орынды көтерді деп есептеймін.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Әлеуметтік салаға байланысты науқаншылдыққа құрылмайтын, нақты ел халыққа қызмет ететін талап өте жоғары оған тек партия аппараты емес, фракция мүшелері барлығы бірігіп отырып, талқылау, талдау және ұзақ емес, жедел талдау жүргізіп отырып осы тұжырымдаманы жүзеге асыруымыз керек. Ең бірінші кезекте халыққа жеміс береті.

Атауы жаңарған партияның қызметі де жанданады. Қоғам соны талап етіп отыр. Саяси ұйымның өткен жолы сараланып, алдағы уақытта халық аманатын абыроймен атқаруы керек. Мәжіліс депутаттары ондай жауапкершілікті көтеруге әзірміз дейді.

Мәлі Құлшар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Қасіреттің қаңтардың әсері, қоғамның өзгеруі. Қазір қоғам партияның өзгеруін талап етуде деп айта аламыз. Кеше ғана біз аймақтарға барып келдік. Біздің партиямыздың атауын кейбір жерде теріс қабылдау бар. Оған деген қарсылық бар. Енді осы Аманат партиямызбен елге қызмет етуіміз керек деп есептеймін. Біздің атымыз ғана өзгеріп қоймай, затымызда өзгеру керек.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Значокты ауыстыру ғана емес, логотипті ауыстыру емес. Ол адамның санасында өзгеріс болу керек. Соны депутаттар бірінші өздерінен бастау керек қой. Халықпен тіл табысуға, мұңын тыңдауға ешқашан қорқудың да қажеті жоқ. Билікке жеткізіп, қоғамның арасындағы халықпен жақсы көпір орнау керек деп ойлаймын.

Нысаналы Ығылов


Бөлісу