Зеленский: Алдағы 24 сағат шешуші рөл ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский: Алдағы 24 сағат шешуші рөл ойнайды

28.02.2022

Украинадағы әскери жанжалдың басталғанына бесінші күн. Президент Владимир Зеленский түнде мәлімдеме жасап, алдағы 24 сағаттың ел үшін шешуші рөл ойнайтынын ескертті. Сонымен қатар ол қолына қару алған әрбір әскери қызметшіге айына 100 мың гривна немесе 3400 доллар төленетінін жариялады.

Зеленский кеңсесінің хабарлауынша, Ресей мен Украина келіссөздерді Беларусь -Украина шекарасында ешқандай шартсыз бастауға келісті. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ол кездесу бүгін өтуі мүмкін.

Лукашенко Украинаға әскер кіргізбейтінін мәлімдеді

Дегенмен «Вашингтон пост» газеті Ресейге көмектесу үшін Беларусь Украинаға әскері кіргізуге әзірленіп жатқанын хабарлады. Президент Александр Лушкашенко болса Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, жауынгерлерін көрші елге жібермейтінін мәлім етті.

Экс-премьер Абэ Американың ядролық қаруын өз еліне орналастыруды ұсынды

Ал Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Украинадағы ахуалға байланысты өз елінің аумағына АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыру мәселесін қарастыруды ұсынып отыр.

БҰҰ: 7 миллион адам босқынға айналуы мүмкін

Ресей мен Украина армиялары арасындағы ірі шайқастар Чернигов, Киевтің айналасы және Харковь пен Херсон, Мариуполь қалалары үшін жалғасып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, 368 мың адам көрші елдерге қашып, 352-сі қаза тапты. Құрбандардың 14-і – балалар. Ал босқындар саны 7 миллионға жетеді деген болжам бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу