Ресей тікелей әрі шынайы диалогқа дайын екенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей тікелей әрі шынайы диалогқа дайын екенін мәлімдеді

23.02.2022

Ресей президенті Владимир Путин видеоүндеу жолдап, өз елінің Украина мәселесінде Батыспен «тікелей әрі шынайы диалогқа» ашық екенін мәлімдеді.

Тағы бір сөзінде Кремль басшысы Ресей өзінің мүдделері мен азаматтарының қауіпсіздігін қорғауда абсолютті екенін ескертті. Сонымен қатар, Путин әскермен флотты күшейтуді әрі қарай жалғастырып, олардың тиімділігін арттыра түсетінін атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский болса, запастағы офицерлер әскерге шақырылатынын мәлімдеді. Халыққа телевизиялық үндеуінде мемлекет басшысы жаппай мобилизация жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұған қоса, Зеленский дағдарыстан дипломатия арқылы шығу жолдарын қарастырып жатқанын да жеткізді.

Ал, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Украина дағдарысына қатысты ертеңге жоспарланған кездесуден бас тартты. Дәл осындай шешімді Франция сыртқы істер министрі де қабылдаған.
Блинкен Ресей дипломатияны таңдамаған соң, бұл кездесуді өткізудің мәні жоқ деп мәлімдеді.
 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу