Еуропада қатты дауылдан 16 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада қатты дауылдан 16 адам мерт болды

21.02.2022

Еуропада қатты дауылдан 16 адам мерт болды

Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан қатты желдің кесірінен құлаған ағаштар тым көп. Қаза тапқандардың басым бөлігі осы ағаштардың астында қалып қойған. Ауа-райын болжаушылардың мәліметінше, қарт құрлықта соңғы 30 жылда мұндай алапат дауыл болмаған. Табиғат апатының кесірінен Ұлыбританияда млн-ға жуық үй жарықсыз қалды. Германияда Эльба өзені арнасынан асып, елді-мекендерді су басты. Ал, Бельгияда қатты жел стадионның шатырын жұлып кетті. Жұма күні өтеді деп жоспарланған футболдан ел чемпионаты кейінге шегерілді. Сондай-ақ, дауылдың салдарынан Еуропа елдерінде әуе, теміржол қатынасы тоқтап, мектептер уақытша жабылды. Боранда көлік апатына ұшырап, үстіне ағаш құлап, жарақат алған мыңдаған науқас қазір ауруханаларда жатыр.


Хабарламаларға жазылу