Қосшы қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы баяу жүріп жатыр
Қосшы қаласында сақалды құрылыстар көп. Әсіресе, әлеуметтік нысандар. Құжатта қаражаты қаралған. Бірақ, іс жүзінде іркіліс бар. Бүгін мәжіліс депутаттары елорда іргесіндегі қалаға барып, бірқатар күрмеуі қиын мәселелерге қанықты.
Қызыл кірпішті мектеп құрылысы 4 жылдан бері кідіріп тұр. Негізі былтыр берілуі керек еді. Жарытып қаржыландырмаған соң жұмыс баяу.
Сайраш Матайбаева, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:
Біз осы мектептің ашылуын 2018 жылдан бері күтіп отырмыз. Мұнда 40 баладан 3 ауысыммен оқуға мәжбүр. Тіпті, төрт ауысым болуы да мүмкін. Лесная поляна тұрғын үй алабында 5 мың оқушы.
Мектеп 1200 орынды. Биылдан қалмай пайдалануға өтуі керек. Бұдан бөлек Қосшыда тағы екі білім ордасы бар. Алдағы жылы тапсыру жоспарланған.
Мәди Елубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы мәселелердің барлығын қаржы министрлігімен талқылаймыз. Сосын наурызда бюджеттің корректировкасы болады. Соған мұнда беріп жатқан заявкаларын толық қаржыландыруға үміттенеміз.
Қалада қаржыға тірелген мәселе көп. Тұрғындар құр айқай емес, айғақпен көрсете алады. Мысалы жол. Қазір жолдың жыртығын қар жапқан. Бірақ, көше ішілік сүрлеуді айтпағанда, негізгі асфальтты жаңалау да аяқсыз қалған. Осы жұмыстарға қаржы министрлігі 2018 жылы 8 млрд теңге қарастырыпты. Бірде там-тұмдап, бірде тіпті бермей берекетін кетірді,-дейді белсенді.
Самал Жарова, Қосшы қаласының тұрғыны:
Бірақ, әлі күнге дейін біздің жолдарымыз батпақта. 70 пайыз Қосшы қаласының жолдары жасалмады. Бүгінге 6 млрд 900 млн - нан аса әлі қарыз.
Қаланың қордаланған проблемасы енді депутаттарға аманат. Ал, олар амалын табуға ат салысамыз деп тарқасты.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
23.08.2026, 14:11
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 14:08
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05