Қызылордада қамаудағыларға қатысты тергеу аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қамаудағыларға қатысты тергеу аяқталуға жақын

17.02.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмысқа бармаған азаматтар жазықсыз жаза арқалап кетпеуі тиіс. Президент тапсырмасына сәйкес Мәжіліс депутаттары тергеу амалдарының ашық әрі әділ жүруін қадағалау мақсатында өңірлерді аралап жүр. Халық қалаулылары бұл жолы Қызылордадағы ЗК 169/1 тергеу изоляторына барып, абақтыдағы айыпталушылардың жағдайымен танысты.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Қаңтар оқиғасына қатысты қазір 65 адам уақытша ұстау абақтысында қамауға алынған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасуда. Солардың ішінде қылмысқа барған күдіктілерге терроризм актісімен 5, адам өлтіру дерегімен 2 ауыр айып тағылып отыр.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде аңдамай қалың топтың ішіне қойып кеткендердің көбі жастар. Басым бөлігі бұрын сотты болмаған. Солардың бірі Нұржан есімді жігіт. Ол бүлік болған жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, күдікке ілінген. Темір торда отырғанына бір айдан асып барады.

Айтыпталушы: 

Арандатушылық болды ма? Ерушілік болды ғо я. Негізі ол жақа қарай барам деген ой болған жоқ. Жолым түсіп сол жақта көлігімді тоқтатып көрдім қызығушылықпен. Сосын кетіп қалдым болды. Барған ісіме өкінемін. Ісім тергеуде 272-баптың 2-ісімен.

Жалпы тергеу изоляторында бүгінде 283 адам қамауда отыр. Қаладағы дүрбелеңнен кейін абақтыға 100 жуық айыпталушы тоғытылған болатын. Қазір соның 3/1 бұлтартпау шарасымен босатылды. Ал түрме ішіне түгелдей бейнебақылау камералары орнатылған. Сондықтан, қамаудағыларды ұрып-соғу, азаптау секілді қысым көрсетілген жоқ дейді басшылық.

Шаймерден Есенгелдиев, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

Бәрінің жұрыс-тұрыстары, медициналық көмектер беріліп жатқаны барлығы бейнебақылау жазбаға жазылған олар 2 айға сақталады. Ешқандай да ұрып-соғу, азаптау деректері орын алған жоқ.

Мәжіліс депутаттары қаңтар оқиғасына қатысы бар деп ұсталған азаматтар отырған барлық камераны аралап көрді. Айыпталушылармен тілдесіп көрді.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Бүгінгі тергеу изоляторында мен анық айта аламын ондай қорлық көру, олардың құқығын таптау деген орын алып отырған жоқ. Біз тергеу амалдарына араласу ойымызда жоқ. Тек, мына расымен де адасқан, жансық басқан жастардың қылмыскерлердің қатарын толықтырмаса екен, әділдік болса екен деген оймен келіп отырмыз.

Қамауға алынғандардың барлығының адвокаты бар. Заңға сәйкес құқығы қорғалуда. Бүгінде тергеу амалдары аяқталуға жақын.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу