Ішкі істер министрілігі: Жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тергелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрілігі: Жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тергелуде

17.02.2022

Қаңтар оқиғасына байланысты тәртіпсіздік және терроризм актілері бойынша 181 іс тергелуде. Бұл туралы арнайы брифингте Бас прокуратура өкілі мәлімдеді. 3096 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелген. Негізінен, олар меншікке қарсы, бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары. Барлығы үш мыңнан астам қару ұрланған. Олардың тек үштен бірі табылды. Ал қалғаны, соның ішінде граната, пулемет, мылтық, тапанша және мен гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында. Ұрланған қару-жарақты іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алматыда тәртіпсіздік бойынша ұсталғандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Көбінің жоғары білімі және тұрақты жұмысы жоқ.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары:

Арнайы прокурорлардың басқаруымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер және терроризм актілері бойынша 181 істі тергеуде. «Қылмыстық кодекс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер азаматтарға күш қолданумен, бизнес объектілерін және жеке мүлікті қиратумен, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласады. 

Жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тергелуде

 Ал Ішкі істер министрілігінің мәліметі бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 3 мыңнан астам полиция қызметкері мен әскери қызметші әртүрлі дене жарақаттарын алды. Олардың ішінде 273 адам мүгедек болып қалды.Сондай-ақ, 673 азаматтық тұлғаға оқ тиген. Бүгінде ішкі істер органдарының тергеушілері 2 565 қылмыстық істі қарап жатыр. Қаңтар оқиғаларынан кейін жалған ақпарат тарату жиілеп кеткен. Полицейлердің айтуынша, азаматтардың қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тіркеліп, екі адам қамауға алынған.

Санжар Әделов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

Әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату жағдайлары жиіледі. Фейк хабарламалар деп аталып кеткендердің негізгі үлесі шетелден келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерден шетелде тіркелген 50 аккаунт анықталды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу