Қара жамылған отбасылар кінәлілер анықталуын сұрайды
Қаңтар оқиғасының кесірінен талай отбасы қара жамылды. Бірі бауыр еті баласынан айырылса, енді бірі арқа сүйер азаматын жоқтап отыр. Қайтыс болған жандардың жақындары оқ атқандар анықталып, заң аясында жазасын алса дейді.
Құрмангүл Станбекова мәйітханадағы сол қорқынышты күнді осылай еске алады. Ұлы Тұрар Арыстанқұлов қаңтар оқиғасы кезінде басына оқ тиіп қаза тапқан. Айтуынша, автобус жүргізушісі болып істейтін баласы 5 қаңтар күні жұмысқа барған. Алайда бүлікке байланысты парк басшысы қайтарып жіберіпті. Үйге қайтып келе жатып шерушілерге қосылған. Одан кейін хабарсыз кеткен. Тек үш күннен соң мәйітханадан тапқан.
Құрмангүл Станбекова, Т. Арыстанқұловтың анасы:Ол жерде балада жүр, әйелде жүр. Үлкен кісілерде жүр. Жұмыстан шықаннан кейін елмен бірге барса барған шығар. Бірақ ешкім атады деп ойлаған жоқ қой. Атыстың үстінде қалып отыр. Кімнің атып жатқаны да белгісіз. Қай жақтан атылып жатқаны да белгісіз.
Светлана Сәрсенбаева бүлік кезінде қайтыс болған күйеуін жоқтап отыр. Жолдасы Зиятжан Қошқаровпен соңғы рет 5 қаңтарда телефон арқылы сөйлескен. Құрылысшы болып жұмыс істеген отағасы «Алтын Орда» базары маңынан өте алмай тұрғанын айтқан. Содан кейін хабарсыз кеткен. Іздемеген жері қалмапты. Тек 1 ақпан күні полициядан хабарласқан.
Қазір Светлана Сәрсенбаева алты баласымен жесір қалды. Жетіншісіне аяғы ауыр. Асыраушысынан айырылғаннан кейін Қызылордаға көшіп келген.
Ал 36 жасында қыршыннан кеткен Тұрар Арыстанқұловтың төрт бүлдіршіні әкесіз өспек. Қайтыс болған жандардың жақындары бейбіт тұрғындарға оқ атқандар анықталып, лайықты жазасын алса дейді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00