Қаңтар оқиғасы: Тергеу изоляторларында 728 адам қамауда отыр
«Қаңтар оқиғаларына» қатысты қамауға алынған азаматтардың тергеудегі жағдайын біліп отыруға барынша мүмкіндік берілді. Қазір, тергеу изоляторларын қоғамдық бақылау екі есе күшейген. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша комитет ашықтықты ұстанып, адам құқығы жөніндегі комиссиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың бақылауына жағдай жасаған. Сәбит Әлдебай толығырақ жеткізеді.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Қаңтар оқиғалары кезінде тергеу изоляторларына 267 адам түрлі жарақатпен түскен. Мамандардың мәліметінше олардың 33-і қалалық ауруханаларда емделсе, қалғандары тергеу изоляторларының медициналық қызметкерлеріне қаралған. Қазір қоғам белсенділері қамаудағы азаматтардың жағдайларына тәуелсіз мониторинг өткізуде. Олар 13 тергеу изоляторында 60 мәрте болған. Ал, адам құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер 6 өңірде тергеуге қамалған 100-дей адаммен сұхбаттасқан. Алайда мекеме әкімшілігіне шағымдар түспеген. Комитет мамандары қамаудағыларды ұстауға қатысты жалған ақпарат таратпауды сұрады.
Мейрам Аюбаев, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:
Таратылған арандату мақсатындағы фэйк ақпараттар негізінен биліктің беделін түсіріп, елдің ішіне ірткі салуға бағытталғанын анықтау қиын емес. Жалған ақпараттың негізгі бөлігі елімізге сырттан өзге мемлекеттерден келеді. Қазір шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталып отыр.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Бүгінде еліміз бойынша тергеу изоляторларында 728 адам қамауда отыр. Олардың көпшілігі дүрбелең кезінде түрлі дәрежедегі қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Айта кетейік, тергеу кезінде 270 адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйқамаққа ауыстырылыпты. Мұндай шешім қылмыстық іс материалдарын мұқият зерттеу барысында қабылданған көрінеді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
14.10.2025, 10:29

Жас механизатор: Биыл күзгі науқанды аяқтап, мол өнім алдық
14.10.2025, 10:27
Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты
14.10.2025, 10:22
Өзбекстанда жасанды интеллект көмегімен жол апаты азаяды
14.10.2025, 10:19
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
14.10.2025, 10:17
Мексикада су тасқынынан ондаған адам қаза тапты
14.10.2025, 10:15
Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
14.10.2025, 10:14
Нидерланд кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
14.10.2025, 09:57