Көлеңкелі импорт ұлғайып, бюджетке салық толық түспей келген. Әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ нарығында қытай тауарларын заңсыз тасығандар көп. Вице-премьер Бақыт Сұлтанов Қырғызстан және Ресей делегацияларымен үшжақты кездесу барысында осылай деді. Жиында салық және кеден қызметтерін тиімді үйлестіру жайы сөз болды. Экономиканы дамыту мақсатында үш ел бақылау шараларын күшейтпек. Импортталатын тауарлардың ілеспе құжатында құны дұрыс көрсетілуі тиіс. Тәуекелі жоғары экспорттаушылар санатын айқындап, мәселені неғұрлым терең пысықтау қажет. Сондай-ақ келіссөздер барысында алдағы жылға үшжақты өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағда жасалды. Бірлескен келісімдерді жүйелі іске асыру - кеден-салық саласындағы өзекті мәселелерді реттеуге ықпалын тигізеді деген сенім бар.
Раушан Сайлауқызы